Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Өнім неге кешікті?

​​Су тасқынына байланысты биыл көктемгі дала жұмыстарының жылдағыдан айтарлықтай кешіктірілгені рас. Кездескен қиындық-кедергілерге қарамастан, қолайлы сәтті оңтайлы пайдалана білген диқан қауымы бұл күнде балаша баптапөсірген егіндерінің өнімін теріп, жомарт жердің ырыздығын ысырапсыз жинап алудың қамына кіріскен. 

Қиғаш бойын қоныстанған Құрманғазы ауданында егістік алқаптың аумағы 600 гектардан асады. Осынша жер өңірдегі егіншілікпен шұғылданатын 52 шаруа қожалығы және жеке тұрғындардың күшімен игеріліп отыр. Егіндіктің 191 гектарына немесе үштен біріне жуық бөлігіне картоп, 186 гектарына көкөніс, 77 гектарына бақша, қалғанына малазықтық дақылдар егілген.

2747770b b8dd 4b1a b521 d726026f9d73

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Мұфтахтың айтуынша, қазіргі уақытта 190 гектар егін алқабында жиын-терім аяқталып, одан 2 052 тонна өнім алынған. Бұл жоспарлы көлемнің 31,6%-ын қамтыды. Орташа есеппен алғанда гектар айналымы 10,8 тоннаны құрап отыр.

– Нақтыласақ, науқан басталғалы бері көкөністің 45,2, бақшаның 40,3, малазықтық дақылдарының 51%-ы игерілді. Сәйкесінше, бұлардан 1 344-558-150 тонна сапалы өнім жинауға қол жеткізілді. Ал, картоптан тұқымының кеш отырғызылуы себепті, әзірге ауыз толтырып айтарлықтай өнім алына қоймады, — деп сабақтады сөзін салалық бөлім басшысы.

Білгеніміздей, егіс даласынан жиылған егінжай ырыздығы күн сайын балауса күйінде егіс алқабынан базарлар мен сауда орындарына жөнелтіліп, тұтынушыларға жеткізіліп отырады. Осылайша, құрманғазылықтар да өз кезегінде азық-түлік молшылығын жасақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлестерін қосуда. Тегінде, «Елде болса, ерінге тиеді» деген тамаша бір тәмсілдің түпкі мағынасы осыны меңзесе керек.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button