Мал шаруашылығын жандандыру қажет
Белгілі француз философы Жан-Жак Руссо: «Мемлекетті әлдебіреуден тәуелсіз жағдайда ұстап түратын жалғыз құрал – ауыл шаруашылығы. Сіз әлемнің барлық байлығының иесі бола тұра, тамағыңыз болмаса – сіз басқаларға тәуелдісіз… Сауда-саттық байлықты жасайды, бірақ ауыл шаруашылығы бостандықты қамтамасыз етеді» деген.
Елде статистикалық есеп бойынша барлығы жақсы делінгенімен әлі де болса жандандыратын жұмыстар көп.
Бүгінде мал шаруашылығы саласында заманауи тұрғыда салынып жатқан сүт фермалары, мал бордақылау алаңдары бар. Өз деңгейінде шаруаларын атқарып жатқан шаруашылықтар бар. Алайда бұлардың барлығы елдегі шаруа қожалықтарының есебіне шаққанда пайыздық көрсеткіш бойынша төмен деңгейде. Бүгінде жемшөп ешқандай зертханадан өтпейді. Олардың құнары жоқ. Ірі сабақты мал азығы. Беретініміз ұн өндіріснен қалған кебек. Бізде экстенсивті шаруашылық қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы саласында тракторшы, механизатор, малшы мамандар жетіспейді. Мал жыныстық, жас ерекшелігіне қарай бөлініп бағылмайды. Еркегі де ұрғашысы да бірге жайылады. Мұның барлығы олардың өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жәнібек АРАЛБАЕВ,
«Әнет» шаруа қожалығының төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты