Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Индерде қысқы маусымға 62 мың тонна шөп пен 1300 га егін қоры әзірленуде

Алдағы қысқы маусымға дайындық аясында Индерде мал азығы мен егін жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл қысқа 71 мың тонна мал азығы қажет. Былтырғы маусымнан қалған қорды қоса алғанда 62 мың тонна шөпті әзірлеу жоспарлануда. Қазір қажетті көлемнің 15% дайын. Жиналып жатқан мал азығының басым бөлігін жоңышқа, жусан және аралас шөптер құрайды. Науқан қарашаға дейін жалғаспақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

327b1602 1568 46a9 85ba e58560ee2c20

-Шөптің 90%-ы көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Қызылқоға ауданынан жеткізіледі. Қалған бөлігін жергілікті шаруашылықтар қамтамасыз етуде. Бүгінде ауданда 500-ге жуық шаруа қожалығы тіркелген. Олардың ішінде шамамен 30 шаруашылық шөп дайындау жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл іске 30-дай техника тартылған. Ауданға жылына 10 мың тонна құрама жем қажет. Бұл өнім түгелдей дерлік Батыс Қазақстан облысынан тасымалданады. Соған сәйкес аудан басшылығының Ақжайық және Жаңақала аудандарының әкімдіктерімен мал азығын сатып алу бойынша өзара меморандумға қол қойды, — деді аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.

6b294d0e a873 457c ac36 2b3cf58b6a19

Ауданда егін шаруашылығы да жақсы қарқын алып келеді. Биыл 1300 гектар егістік жерге дақыл егіліп, оған 50-ге жуық шаруашылық тартылған. Егістіктің 90%-ы тамшылатып суару әдісімен суарылады. Бас маманның айтуынша, өнім көлемі жақсы: апта сайын облыстық жәрмеңкеге 10 тоннаға жуық тауар жөнелтіліп отыр.

Соның бір жарқын мысалы — биыл Есбол ауылынан 5 шақырым жерге картоп, пияз, қияр, қызанақ, сәбіз, асқабақ, қырыққабат, қарбыз бен қауын еккен «Абдулла» шаруа қожалығы. Мұндағы шаруалар 1 гектардан 50 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отыр.

406098a6 e6b9 43fe 9430 f2a17992c4dc

-Егістік алқабының көлемі — 62 гектар. Шаруашылықта 6 техника мен 20-дан астам адам маусымдық еңбек етуде. Дайын өнімдер Атыраудағы орталық базарға жеткізіледі. Көкөністер қыркүйектің соңында толық жиналып бітеді деп күтілуде. Күннің ыстығында атқарған еңбегіміз ақталып, жақсы өнім пісіп жатыр, — деді агроном Мансұр Чехназаров.

0e085e6f cbc0 4c4d 865e 52c30fdc1e7e

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының берік тірегі екенін ескерсек, Индер ауданының бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, облыс аумағын азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келетінін айта кеткен жөн.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button