
Ауыл шаруашылығы
Индерде 7 мыңға жуық мал эвакуацияланады
Индер ауданында үй жануарларын қауіпсіз аумаққа көшіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Қазір арнайы бөлінген орындарға 5000-нан астам ұсақ мал және 1700 ірі қара мал көшірілді. Үй жануарларын көшіру жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысады. Сондай-ақ қауіпті орындар белгіленіп, ықтимал су тасқынының арнайы картасы әзірленді.
— Қауіпсіз аймақтардың координаттары белгіленді. Бүгін Құрылыс және Жарсуат ауылынан қауіпсіз жерге қой малы шығарылуда. Сонымен қатар Жарсуатта малды көшіру орындары да анықталады, — деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.