Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Егін алқабына 210 гектар жер беріледі

Қызылқоға ауданында жаздық дақылдар егістігіне 50 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша егу жұмыстары жоспарланған. Егін шаруашылығын дамыту мақсатында аудан бойынша барлығы 12 тұрғынға 210 гектар жер телімдері берілді, — деп хабарлайды Қызылқоға ауданының әкімдігі.

Биыл өңір мол өнімге қол жеткізуді межелеп отыр. Аудан басшылығы егін егуге ниет білдіруші кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына К-702, соқа, трактор Беларусь-920, тырма, культиватор арнайы техникаларымен жер жыртып беру жұмыстарына көмек көрсетуде. Аудан әкімдігі мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, оның ішінде субсидиялау жұмыстарына әр ауылдық округ тұрғындары араласса, биылғы өр суының мол келуі егіннің бітік шығатынына септігін тигізері хақ.

-Миялы және көздіғаралық кәсіпкерлер жылыжайларына биыл сәуір айынан бастап қияр егіп, жеке кәсіпкер «Ақжол» алғашқы өнімдерін Қоныстану, Тасшағыл, Жамбыл округтеріне сатуда. Ал жеке кәсіпкер «Бекешов Тұрлан» өнімдері мамыр айының соңына қарай саттыққа шығарылады. Сонымен қатар, биылдан бастап Миялы ауылының Секерсамай алқабына жасанды кептірілген шөп өндіруге арналған ең танымал дақыл — жоңышқа мен жеке тұрғын ауыл ішінен 200 түп алма көшеттерін отырғызуды қолға алды, — дейді әкімдік өкілі.

Айта кету керек, былтыр жеке тұрғындар 50 гектар жерге бау-бақша егіп, нәтижесінде одан 115 тонна картоп, 151 тонна көкөніс, 121 тонна бақша өнімдері жиналған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button