Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Ауылдың әлеуетін арттырған жоба

«Ауыл аманаты» партиялық жобасы – ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Мақат ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Ақылбек Абаев 2023 жылы 2,5 пайызбен 7,5 млн теңге несие алып, жеке шаруашылығын дамытып, кент орталығынан ет дүкенін ашты. Қазір ол тұрғындарды сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Тағы бір мысал – Шынар Ажуова. Ол «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық курсынан өтіп, бизнес-жоспар жасап, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несиеге заманауи сұлулық салонын ашты. Қазіргі таңда 8 жас маманды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – ауылда кәсіп ашуға болады дегеннің жарқын дәлелі.

Құрманғазы ауданында да осындай мысалдар бар. Жеке кәсіпкер С.Сужиков 8,6 млн теңге көлемінде несие алып, стоматологиялық емхана ашып, оны жаңа құрылғылармен жабдықтаған. Қазір ол аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр.

Осы жобалар арқылы ауыл тұрғындарының өмір сапасы артып келеді. «Ауыл аманаты» – бұл ауылдың тынысын ашатын, кәсіпкердің кәсібіне қанат бітіретін жоба. Біз мұндай нақты істерді қолдап, одан әрі кеңейтуге күш саламыз.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз қызметінің кеңесшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button