Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына артылатын үміт зор

Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумында айтқан жылы сөздері біз үшін үлкен құрмет әрі жігер береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тың игеру науқанының тарихын және оның оң нәтижелерін атап өтуі – біздің еңбек жолымызды тағы бір мәрте бағалаудың жарқын үлгісі.

Ауыл шаруашылығы – халқымыздың тірегі, экономиканың негізі. Біз, ардагерлер, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен күндерімізді мақтан тұтамыз. Қазір еліміздің астық өндірісінде әлемдік деңгейде жетекші орындарға ие болуы – бұған дейінгі маңдай терін төккен талай жанның еңбегінің жемісі. Әсіресе, Қазақстанның бидай мен ұн экспортында көшбасшы елдер қатарында болуы – біздің салада қалыптасқан дәстүрлердің жалғасын табуының айқын дәлелі.

Қазіргі жас буынға қолайлы жағдай жасалып жатқаны қуантады. Жаңа технологиялар, тың бастамалар, сапалы өнімдер – ауыл шаруашылығының келешегі зор екенін көрсетеді. Президенттің “биылғы рекордтық көрсеткіштер” туралы айтқаны бізге ерекше қуаныш сыйлайды. Бұл көрсеткіш диқандарымыздың қажырлы еңбегі мен мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болды.

Мен барлық ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін, жас мамандарды және ардагерлерді осы кәсіби мерекемен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жемісті, өнімдеріңіз мол болсын! Ауыл – ұлттың жүрегі, ал оны дамыту – әрбіріміздің борышымыз!

Бақтыбек ТАУБАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Атырау облысының Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button