Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Әуесқой балық аулауға тыйым салынады

Биылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында  Жайық өзенінде әуесқой немесе спорттық балық аулауға тыйым салынады. Одан бөлек, осы жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында  Қиғаш өзеніне қатысты осындай шара алынған болатын. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қоғаммен байланыс бөлімінен хабарланды.


– Мұндай шешім республика Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес қолға алынып отыр. Осылайша жоғарыда көрсетілген мерзімде инспекцияның Атырау облысының аумағындағы ашық су айдындарында, атап айтқанда Жайық пен Қиғаш өзендерінде, сағалары мен арналарында «су маржандарын» аулауға шектеу қойылады. Тек Қиғаш өзенінде ғана сенбі, жексенбі және мереке күндері балық аулауға рұқсат беріледі. Ал Жайық өзеніне қатысты ондай жағдай қарастырылмаған. Сондай-ақ тиісті заңдылық нормалары мен ережелеріне сай, кәсіпшілік мақсатта ғана болмаса, рұқсат етілмеген балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға жыл бойына тыйым салынады, — деп түсіндірді инспекцияның баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытов.            
Оның сөзінше, комитет басшылығының пәрменімен Жайық пен Қиғаш өзендерінде, Каспий теңізінің сағалық кеңістігінде (Кіші Дамбы балық аулау тартымына дейінгі аумақта) 1 сәуір – 31 тамыз аралығында балық аулауға, сондай-ақ сәуір айының 1-і мен маусымның 15-і аралығында шаян аулауға қатаң тосқауыл қойылатыны белгілі болды.  
Заң талабына бағынбай, құқықбұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кінәлі деп танылғандарға 39 320-дан 157 280 теңгеге дейінгі сомада айыппұл салынатын болады.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button