Атырауда қысқы мал азығының 94%-ы дайын
Биыл облыс бойынша ірі сабақты мал азығына 605 мың тонна шөп пен 44,5 мың тонна құрама жем қажет. Бүгінде оның 94%-ы жинақталған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Ақтілек Нұроллаева мәлімдеді, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
–Қазір облыс бойынша шөп дайындайтын 91 ірі шаруашылық және жем сататын 26 сауда орны жұмыс істейді . Бұдан бөлек, Атырау қаласында орналасқан «Карат» ЖШС өңірдегі шаруаларды кебек жемімен қамтамасыз етуде, — деді А.Нұроллаева.
Жергілікті жерде дайындалатын рулонның бағасы 4500-6 500 тг, сатып алу бағасы тасымалдау шығындарын қосқанда 7500-10 000 теңге аралығын құрайды. Жемнің бағасы түріне байланысты 1300-2300 теңге аралығында. Өңірге қосымша жем-шөп көрші Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан тасымалданады.
Сәуле МАҒАУ