Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырауда Балық қорғау инспекциясына жаңа техника табысталды

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин аймақтағы балық шаруашылығы нысандарын аралап, балық ресурстарын қорғау, көбейту және өңдеу бағытындағы жұмыстармен танысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

img 8582
Screenshot

Сапар барысында Атырау облыстық Балық қорғау инспекциясына жаңа техника табысталды. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында инспекцияға бес қызметтік автокөлік, бес жүзу құралы және үш квадроцикл берілді. Бұл жаңашылдық инспекцияның өзен-көлдердегі заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алуға, бақылау жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

— Қазір елімізде балық ресурстарын сақтау және көбейту маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте инспекторлардың техникалық мүмкіндігін арттыру – бұл саладағы жұмысты күшейтудің нақты қадамы, – деді вице-министр Аманғали Бердалин.

Сапар аясында вице-министр “Атырау бекіре балығын өсіру” зауытына барып, қайта жаңғыртылып жатқан “Куринский” тоғаны мен биыл басталған екі қыстақ тоғанының құрылысын көрді. Зауыт 2024 жылы Жайық өзеніне 1 056 000 бекіре шабағын жіберген. Ал 2025 жылдың маусым-шілде айларында бұл көрсеткіш 4 600 000-ға жетуі тиіс.

Сонымен қатар делегация Дамба ауылындағы жаңа ангар кешенін, «КаспианБекіресіЛимитед» ЖШС-ін және «Абылайхан» мен «Амангелді» балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Бұл зауыттарда балықты аулау, өңдеу, қақтау және филе шығару толық циклмен жүзеге асады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button