Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Атырау қаласында жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Тұрғындар қалашағы ықшам ауданында орналасқан “Мұнайшы”стадионның алдында өтіп жатқан іс-шараға 30-ға жуық кәсіпкер қатысуда. Жәрмеңкеде негізінен ет, сүт және балық өнімдері ұсынылып, саудаланды. Мұндағы өнімдердің бағасы өзге сауда орындарымен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен.

img 1077

Әр сенбі-жексенбі өтетін жәрмеңке тұрғындар үшін сапалы әрі қолжетімді өнімдерді сатып алуға мүмкіндік берсе, жергілікті өндірушілерге өз тауарларын тұтынушыға тікелей ұсынуға жол ашады. Кәсіпкерлер үшін шатыр, арнайы киім және мекеме атауы жазылған табло тегін берілетінін айта кетейік.

img 1078


Сағат 8:00-де басталған жәрмеңке 15:00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ 11-ші мамыр күні осы уақыт аралығында өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button