Ауыл шаруашылығы
Атырауда 340 мыңнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберілді
Атырау каналынан 340 мыңнан астам шабақ құтқарылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, 5546 әскери бөлім сарбаздары және балық шаруашылығы субъектілері қызметкерлерімен бірлесіп, Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын «Маломокрый» арнасынан 154 мың 600 дана балық шабағын құтқарды.
Cондай-ақ «Соколок» арнасынан 186 мың дана балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.