Агроөнеркәсіп — экономиканың өзегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттің негізгі проблемаларының бірі екенін айтқан болатын.
«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс»-, деді ел Президенті.
Иә, жоғарыда айтылғандай ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттің басты міндеті. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Соның бірі, Президент Жолдауда тілге тиек еткен агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеу ұсынысы. Өйткені жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі болып табылады. Осы ретте агроөнеркәсіп саласын субсидиялау ауыл шаруашылығы үшін жасалған тиімді бастама болары сөзсіз. Өйткені, агроөнеркәсіп саласы экономиканың негізгі өзегі болып табылады.
Б.Асхатқызы