IMG 0600 14 07 18 02 14

Жылыой ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі шешілуде

Аудан хабарлары

Жылыой ауданында Құлсарыдағы көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту мәселесі шешіліп жатыр. «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды су таратқышы Құлсары қаласында су беру мөлшерін тәулігіне 9400-ден 12000 текше метрге дейін көтерді, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

IMG_0600-14-07-18-02-14

Жылыой ауданында ұзақ жылдан бері жазғы маусымда көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту өзекті проблема болып келген еді. Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдерінен құралған екіжақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша магистралды су таратқыштан тәулігіне берілетін су мөлшерін 9400-ден 12000 текше метрге дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

IMG_0601-14-07-18-02-14

«Облыс басшылығының «ҚазТрансОйл» АҚ-мен келісіміне сәйкес, екіжақты комиссия құрылды. Комиссия мүшелері Құлсарыда берілетін су мөлшерін көбейтуге шешім қабылдады. Жаз мезгілінде күннің ыстығы кесірінен көп қабатты тұрғын үйлердің жоғары қабатында тұратындар су проблемасына байланысты қиындық көретін еді. Берілетін су көлемінің көбеюі арқасында проблема шешілді, – дейді аудан басшысы Азамат Бекет.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған