Грантқа бәрінің бар таласы

ruki 4377 Қоғам

«Бастау» жобасының шарттарын түсіндіру мақсатында Өңірлік кәсіпкерлік палата өкілдері Индер ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда шағын несиеден бөлек қайтарымсыз грант алудың тиімді жолдары айтылды.

ruki_4377

Бизнес бастауға арналған бұл жоба республиканың 160 ауданында жүзеге асырылуда. Өкінішке қарай, ең төменгі көрсеткіш Атырау өңірінде, соның ішінде Индерде байқалып отыр. Палата өкілдерінің айтуынша, оқытудан өткен  ауданның 116 тұрғыны жеке ісін ашуға еш асықпайды. Тек 11-і ғана несие алып, кәсіп ашқан.

Аудан тұрғындары несие рәсімдеуге кедергі келтіретін жайттарды атап өтті. Мәселен, Гүлбаршын Төлеуғалиева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1,5 миллион теңге несие алуға өтініш беріпті. Құжаттарының бәрі қабылданған. Бірақ, оған сиыр емес, асыл тұқымды бұқа алу жөнінде талап қойылып отыр. Бұл қаншалықты дұрыс? Ал, есепші Айгерім Мұратова тігін цехын ашу үшін қайтарымсыз грантқа заманауи тігін машинасын алуды көздеп отыр. Палата мамандары бұл мүмкіндікке «Бастау» жобасы аясында өтетін байқауға қатысу арқылы қол жеткізуге болатынын айтады.

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз