«Жеңіс» жобасы – Атырауда!

img 20221003 wa0043 ФОТОГАЛЕРЕЯ

2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы маусымға дейін Атырау қаласында «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының көмегімен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жеңіс» жобасы іске асырылуда.

Жобаның нысаналы тобы – әлеуметтік осал санаттағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. Жоба аясында келесі іс-шаралар өткізіледі: волонтерлік рейдтер, ҰОС ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен бейресми кездесулер, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Атырау қаласының 60 тыл еңбеккерлеріне тұрақты әлеуметтік атаулы және өзге де көмек көрсету үшін жастар ұйымдары, ресурстық орталықтар, студенттер мен оқушылар, ересектер өкілдерінен тұратын еріктілер топтары құрылатын болады.

Волонтерлік рейдтер аясында ардагерлерге немесе тыл еңбеккерлеріне келесі көмек түрлері көрсетіледі:

– тұрғын үйді тұрмыстық тазалау, шаруашылық бойынша көмек: су әкелу, ағаш кесу, көмірді түсіру, ауланы тазалау, бақшаға көмек және т. б.;

– дәрігерге сүйемелдеу;

– дәрі-дәрмектер, памперстер және азық-түлік сатып алу;

– тамақ дайындау;

– басқа көмек.

Закария Бекарыс «Жеңіс» жобасының Атырау қаласы бойынша координаторы:

«Біз 3 қазан күні «Жеңіс» жобасын Атырау қаласында бастадық. Тыл еңбеккерлерінің тізімін Атырау қаласылық Ардагерлер кеңісінен алдық. Еріктілердің көмегімен 11 тыл еңбеккерінің үйіне азық- түлікпен барып амандастық. Тыл еңбеккерлерімен сөйлесіп батасын алып, қал- жағдайларын сұрап келдік. Осымен тоқтап қалмаймыз жоба аясында барлығы 60 тыл еңбеккерлеріне 4 реттен үйлеріне барып азық- түлікпен, дәрі-дәрмекпен керек болған жақдайда қол көмекте көрсетеміз».

img 20221003 wa0045
img 20221003 wa0044
img 20221003 wa0046
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз