Құлсарыда 500 тал егіліп, 60 тонна қоқыс шығарылды (+ФОТО)
Жылыой ауданы әкімінің өкімімен биылғы 15 наурыз-14 мамыр аралығын қамтитын көктемгі тазалық және көркейту-көгалдандыру екі айлығы шеңберінде атқарылуға тиісті іс-шаралардың жоспары нақтыланып, бекітілген. Онда басты назар аудан орталығы – Құлсары қаласына аударылған. Соған байланысты, белгіленген жұмыстарды кестеге сәйкес орындап, тиімділігі мен нәтижелілігіне қол жеткізу үшін қаланың өзі 39 секторға бөлінген. Бұл аумақтар осындағы ірі кәсіпорын-мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілеріне беркітіліп берілген.
16 сәуір күні өткізілген сенбілікке 700 адам, 17 бірлік арнаулы көлік пен техника қатыстырылуда. Олардың арасында қоғам белсенділері мен еріктілер ұйымдарына мүше жастар да бар. Бұл күні түске дейін қала бойынша тазалықтан бөлек, 500 түп тал егіліп, 60 тонна қатты тұрмыс қалдық пен жабайы үйінділер сыртқа шығарылды. Сонымен бірге, берілген тапсырманы тиісті деңгейінде атқармаған немесе одан бас тартқан заңды және жеке тұлғаларға хабарлама беріліп, оларға әкімшілік жауапкершілік шарасы алынатындығы ескертілген.
Айта кету керек, бұл күні ауданның ауылдық округтері мен шағын елді мекендерінде де сәйкесінше тазалық пен тал егу жұмыстары жүзеге асты.
Дәулетқали АРУЕВ