Атыраулық ұстаздарды не мазалайды? (+ФОТО)

img 20220823 wa0071 ФОТОГАЛЕРЕЯ

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде облыстағы жас педагогтердің басын қосқан ауқымды форум өтті.

«Өзіңнің ең үздік нұсқаң бол!» деген тақырыппен аталған форум жас педагогтердің кәсіби қызметтерінің жаңа қырларын ашып, білім саласындағы талантты, талапты, кәсіби жас мамандардың қауымдастығын құрып, өзара шығармашылық байланыс орнатуды көздейді.

Салтанатты шараға қатысқан облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова, санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылымен құттықтап, жас ұстаздар форумына сәттілік тіледі.

– Жылдағы дәстүр бойынша өтетін Тамыз кеңесінің аясында ұйымдастырылып жатқан шара жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді. Қазіргі таңда облыста 200 мектеп, 151 мемлекеттік балабақша, 24 колледж және 3 жоғары оқу орны бар. Ол жерде 140 мыңға жуық жастар білім алып жатыр. Форумға облыстың 200-ге тарта ең жас ұстаздары бас қосып отыр. Бүгінгі шарада білім саласында өңірімізбен қатар, республика көлемінде жарқын жетістіктерге жетіп, қызмет етіп жүрген спикерлер қатысып отыр. Облыста орта білім беру ұйымдарында 12 537 мұғалім болса, соның 600-і былтырғы оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар. Биылғы оқу жылында 1000-ға жуық жас маманмен қатарымызды толықтырамыз деп күтеміз. Өңірде демографиялық өсімнің де көрсеткіші қуантады. Соған сәйкес, 2025 жылға дейін облыста 48 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондықтан сондай білім ұяларына басшылық етіп, қызмет істейтін өздеріңіздей жастар қажет. Еліміздің болашағы өздеріңіз секілді жастардың қолында. Сіздердей ынталы жастардың барында біз болашағымызға алаңдамайтыныз анық. Үлкен буын мен орта буынның өнегелі өмірлері бойларыңызда қалыптасып, өңірдің білім сапасын арттыруға атсалысады деп үміт артамыз, – деді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Шарада «Kazakhstan Institute of Skills development» институтының директоры Қанат Оңғарбаев, «USTAZ Professional Learning Centre» компаниясының директоры Нұрлан Иманғалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атыру университетінің ректоры Саламат Идрисов, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова, Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, параолимпиадашы Ержан Сәлімгереев, Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің директоры Жоламан Ізғали, «Ораторлық өнер» мектебінің жетекшісі Нұрлан Азаматов сөз сөйледі.
Облыстық, қалалық және аудандық білім беру ұйымдарында еңбек ететін жас ұстаздар, ЖОО, колледждерді бітірген жас мамандар форумға қатысқан тәжірибелі спикерлердің пікірлеріне құлақ түріп, олардың жетістікке жетудегі сырлары туралы пікірлеріне қанық болды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220823 wa0069 2
img 20220823 wa0071
img 20220823 wa0068 2
img 20220823 wa0074
img 20220823 wa0064 2
img 20220823 wa0070 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз