Жарнама
Аптаның айтары

Атырауда қала әкімінің шыршасы өтті

     Бүгін Абай атындағы оқушылар орталығында қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мерекелік іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары мен мүгедектігі бар 600 бала қатысты.

727bb60e 236f 4863 b13b d3314845fb97

    Іс-шара барысында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

  – Бүгін сіздер үшін ұйымдастырылып жатқан жаңа жылдық мерекені қала әкімдігінің атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бұл – жаңа үміттер, жаңа армандар мен жақсылықтардың бастауы. Жаңа жылда барлық арман – мақсаттарыңыз орындалып, өмірлеріңіз тек қуанышқа толы болсын! Әрқашан білімде, спортта, өнерде үздік болуға талпынып, алға ұмтылыңыздар, — деді шаһар басшысы. 

35c37b52 413b 4e81 a54b 4d9972ba5e58

   Мерекелік кеш барысында жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығып, мерекеге сай әдемі безендірілген шыршаның шырағын жаққызды. Думанды кешке қатысқан балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, түрлі сыйлықтар алып, қызықты ойындар ойнады.

Тоғжан ЕРМЕК,

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button