Әлеумет
Жылыойлықтарға 1,2 млрд. теңгеден астам қаражат берілді
Атырау облысы Жылыой ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстық жедел штаб.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.
Қазір ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.
— Жылыой ауданынан 3271 отбасына жалпы сомасы 1 267 653 200 теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, — деді Серік Шәпкенов.