
Жылу тарифтері тағы да өсе ме?
“Атырау жылу жүйелері” ЖШС жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттелетін қызмет тарифі және тарифтік сметасының 2025-2026 жылдарға арналған жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Өтегеновтің айтуынша, «Атырау жылу жүйелері ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының» талаптарына сәйкес, кейінгі екі жылға белгіленген арналған жылу энергиясымен жабдықтау қызметуне қатысты тариф жобасын бекітуге өтінімін жолдаған.
«Жылу энергетикасы туралы» Заңның талаптарына сай, жылу тасымалдаушы субъектілер жылу энергиясын тұтынушыларға өткізуді жүзеге асырады. Заңнмадағы бұл өзгеріс немесе жаңалық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп болжамдалған.
-Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар персоналы санының нормативтеріне» сәйкес «АЖЖ» ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін есептеулер бойынша 136 адам қажет. «АЖЖ» ЖШС жылу энергиясын жабдықтау бойынша жабдықтау бойынша тариф жобасына 136 адам енгізілді. Жабдықтау қызметі персоналының еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша күтілетін шығыстар — 769 843 мың теңге. Тарифтік смета жобасындағы орташа жалақы 406 478 теңге мөлшерінде, «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы» сайтының деректері бойынша 2024 жылы Атырау облысы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақыны ескере отырып қалыптастырылды, — деді департамент басшысы.
Түсіндіруінше, жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «АЖЖ» ЖШС-ның жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтік сметасының жобасына есептеулер мен баға ұсыныстарына сәйкес шығындардың мынадай баптары енгізілді:Шығындардың негізгі баптары:Электр энергиясы — 3 219,9 мың теңге. Бұл бапта жабдықтың жұмысына, жарықтандыруға және технологиялық процестерді қамтамасыз етуге қажетті болып табылатын электр энергиясына ақы төлеу қарастырылған. Шығындар ағымдағы тарифтер мен жоспарлы тұтыну негізінде есептелген. Жылу энергиясы — 1 581,4 мың теңге. Жылу энергиясының шығындары өндірістік процестерді қамтамасыз етумен және әкімшілік үй-жайларда қолайлы жағдайларды сақтаумен байланысты.Жылу энергиясын сату қызметі үшін үй–жайды жалға алу — 18 476,1 мың теңге. Үй-жайларды жалға алу тұтынушылармен өзара әрекеттесуді және төлемдерді өңдеуді қамтамасыз ететін Жылу энергиясын сату қызметін орналастыру үшін қажет.Сарапшы мамандардың пайымдауынша, бірыңғай төлем құжатын (БПД) қалыптастыру, басып шығару және жеткізу бойынша қызметтер – 31 159,2 мың теңге. Бұл шығындар тұтынушылармен жұмыс істеудің ажырамас бөлігі болып табылатын тұтынушыларға төлем құжаттарын жасауды, басып шығаруды және жеткізуді қамтиды.
Қорыта айтқанда, монополист мекеменің өтінімі құзырлы құрылым тарапынан қолдау тапқан жағдайда, жылумен қамту және соған қатысты көрсетілетін коммуналдық қызмет тарифтері биылғы шілде айынан бастап көтерілуі ықтимал. Басқосудың соңында күн тәртібіндегі мәселе жан жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Дәулетқали АРУЕВ