Жарнама
Әлеумет

Жәрмеңкеде жеті жүзге жуық бос жұмыс орны ұсынылды

Бүгін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар үшін «Еңбек» күніне орай бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге облыстағы 43 ірі мекемелер қатысып, 651 ваканттық жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда  «Денхолм Жолдас», «Экспертиз»,  «Беркит Сэйфти»,  «ЮСС Суппорт Сервисез»,  «Нефтестройсервис,  «Карат», «Orion Group KZ»,  «FSSA», «Атырау жылу орталығы» АҚ, «Атырау жарық», «Болашақ Атырау», «АНПЗ», «Тenaz Management», «Электростроймонтаж», «Казтурборемонт», облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті» және т.б. компаниялары бар.

dщ

Ұсынылған 651 ваканттық жұмыс орындарының 584-і жұмысшы мамандықтары – жүргізуші, ағаш сатылы монтаждаушы, аспазшы, ас  үй қызметші, күзетші, қоймашы, спрей маляр, даралаушы, белгі беруші, электрик, тігінші,  даяршы, бармен, ас бөлме қызметкерлері, тазалаушы, кір жуушы, жөндеуші, түрлі бағыттағы операторлар, жұмысшы және т.б.

Ал, инженерлік позициялар бойынша келесі мамандықтар бойынша 67 вакансия ұсынылды: оның ішінде техника қауіпсіздігі инженері, құрылыс инженері, инженер-механик, инженер- электрик мамандықтарына басымдық берілген.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетовтың айтуынша, жәрмеңке  қатысушыларына  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба туралы мәлімет берілді.  Жұмыс іздеп келген тұрғындар жәрмеңке қорытындысымен  жұмыс орындарында тестілеу арқылы жұмысқа қабылданбақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button