Жарнама
Әлеумет

Төлем жүйесіндегі түйін

Әлеуметтік желілерде банк жүйесі жаңа ISO 2022 стандартқа көшуіне байланысты кассаларда, веб-сайтта, терминалдарда, интернет-банкинг жүйесінде төлемдер мен аударымдар 8-қараша күні сағат 13.00-ге дейін қабылданатыны, 9-10 қарашада төлемдер мен аударымдар тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Біз осы мәселенің анық-қанығын ресми орындардан сұрап білген едік.

«Халық банкі» Атырау облыстық филиалының директоры Жанна Майкопованың айтуынша, аталған қаржы ұйымының төлем жүйесі 11-қарашадан бастап ISO 20022 халықаралық стандартқа ауысады. Ол банктер арасында хабарламалар алмасу үшін жасалып отыр.

– Онлайн-банк арқылы бұрынғыдай барлық аударымдар мен төлемдер жасала береді. Біз бұл стандартқа біртіндеп көшеміз. Сондықтан, ол клиенттерге еш әсер етпейді,-дейді Жанна Болатқызы.

Кеше Ұлттық банктің баспасөз қызметі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізіп жатқандарын хабарлады. «Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді. Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді. Сол кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқа мерзімді өзгерістер болуы мүмкін» делінген баспасөз хабарламасында.

Өз тілшіміз

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button