Жарнама
Әлеумет

«Тең қоғам» жобасы бастау алды

Атырау қалалық әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау мақсатында жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің  хабарлауынша, «Тең қоғам» деп аталатын бұл жоба мүгедектігі бар адамдарға арналған.  Бірінші кезекте 18-63 жас арасындағы 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматты қамтып, соның ішінен мүгедектік санаты бар 30 адамды жұмыспен қамтмасыз етуді көздейді. Осылайша, жаңа жоба 11 бағытта жұмыс жасайды.
Қазір «Тең қоғамды» межеленген мерзімінде жүзеге асыру үшін дайындық шаралары қолға алынуда. Ең алдымен, жобаға қатысушылардың арнайы әлеуметтік парақшаларын ашып, бірыңғай ақпараттық байланыс нөмірлерін әзірлеу, сол арқылы оларды жоба аясында жоспарланған жұмыстардың барысымен таныстырып отыру көзделген.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button