Жарнама
Әлеумет

Тегін білім алып жатыр

Жылыой ауданындағы жұмыссыз тұрғындар тоғыз түрлі мамандық бойынша тегін білім алуда. Сертификатталған азаматтарды «CIS Kashagan» ЖШС-не  жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Жылыой аудандық мансап орталығының басшысы Ақылбек Едігеев  мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жылыой ауданында жұмыссыздықты азайту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі – жергілікті әкімдік «CIS Kashagan» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастыруда. Бүгінде азаматтар білімдерін шыңдай отырып, оқудың алғашқы легін аяқтады. Қазіргі уақытта алғашқы 40 азамат сертификатын алды. Аталған оқыту жұмыстарына Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар қатысуда. Оқыту жұмыстары тамыз айының аяғына дейін жалғасады,- деді А.Едігеев.

APEC PetroTechnic жоғарғы колледж оқытушылары аргон дәнекерлеу, оқшаулағыш, фланецті қосылыстарды қолмен және гидравликалық қатайту, дәнекерленген жіктерді бұзбай бақылау, жеңілдетілген жүйеде ЖК және ЖШС үшін бухгалтерлік есеп негіздері, тиімді смм, практикалық дағдылар және макияж өнері бойынша негізгі курстарды оқып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button