Жарнама
Әлеумет

Құрманғазылықтар баспана бақытына бөленді

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында апатты деп танылған 15 үйдің иелеріне жаңа пәтердің кілті табысталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салттанатты іс-шараға аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысып, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.

–Бүгін жергілікті бюджет арқылы ауданымызда ресми түрде апатты деп танылған тұрғын үй иелеріне баспана кілті табысталуда. Бәрін де жаңа қоныстарымен құттықтаймын! Алдағы уақытта елді баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқталуына қарай жүзеге асатын болады. Биыл үй кезегінде тұрған 125 адамға жаңа үй кілтін табыстауды жоспарлап отырмыз, — деді аудан әкімі А.Жанғалиев.

Халық игілігі үшін берілген баспанаға инфрақұрылым жұмыстары толығымен жүргізілген. Әр бөлменің іші кең, жылы әрі қажетті техникамен жабдықталған.

Айта кету керек, былтыр аудан бойынша 35 үй берілді. Оның ішінде апатты деп танылған 15 тұрғынға 2 пәтерлі 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Қазір тұрғын үй кезегінде 1285 адам тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button