Құрманғазы ауданы «Жасыл ел» еңбек жасағында 170 жас еңбек етуде
«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі боп есептеледі. Биыл Құрманғазы ауданы жастарын жұмыспен қамту аясында «Жасыл ел» еңбек жасағынан барлығы 170 квота бөлінді.
–“Жасыл ел” еңбек жасағында аудан бойынша 16-35 жас аралығындағы студент, жұмыссыз және NEET санатындағы жастар мен оқушылар еңбек етуде. Алғашқы жаз айында басталған көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыс тамыз айының аяғында аяқталады. «Жасыл ел» сарбаздары аудан орталығындағы саябақты, балалар ойын алаңын, қоғамдық орындарды шөп-шалаңнан тазартып, әктеу-сырлау жұмыстарымен айналысуда ” дейді Құрманғазы ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Аян Жексенбай.
«Жасыл ел» жобасы басталғалы Құрманғазы ауданына қарасты 19 ауылдық округтерде де еңбек жасағының жастары тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосуда.