Жарнама
Әлеумет

Құлсарылықтар коммуналдық төлемдерден босатылды

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, — деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Қазір Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үй газбен жабдықталды.

⁃ Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады, — деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button