Жарнама
Әлеумет

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу бір күнде жүргізілуі мүмкін

Елімізде зейнетақы тағайындау рәсімі едәуір жеңілдеуі мүмкін. Цифрлық технологиялардың көмегімен бұл процесс бір күн ішінде автоматты түрде жүзеге асырылмақ. Бұл туралы республика Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев хабарлады.

Министрдің айтуынша, жаңа тәсіл азаматтардың жасын, еңбек өтілін автоматты түрде анықтап, ешқандай өтінішсіз проактивті түрде зейнетақы төлемдерін тағайындауға мүмкіндік береді. Яғни болашақта азаматтарға құжат жинау, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) бару қажеттілігі болмайды.

«Пилоттық режим жақсы нәтиже көрсетуде. Егер бұл бастама қолдау тапса, зейнетақыны рәсімдеу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарады», – деді Жасұлан Мәдиев.

Министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне аталған жобаны еліміз бойынша кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жаңа жүйе толық енгізілсе, бұл қазақстандықтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады деп күтілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button