Отбасы туралы әлемдегі қызық фактілер
Дүниежүзілік статистика бойынша 7 жыл некеде өмір сүргеннен кейін ажырасу ықтималы 50%-ға төмендейді.
Үндістанда тұратын қытайлық Цион Хан әлемдегі ең үлкен отбасына ие — 39 әйелге үйленіп, 94 бала туғызған. Отбасы тарихын 33 немере жалғастырып жатыр.
Статистикаға сүйенсек, тұрмыс құрмаған немесе ажыраспағандарға қарағанда некеде тұрған ерлер мен тұрмыстағы әйелдер ұзақ өмір сүреді.
Неке сақинасын тағу дәстүрі Ежелгі Египеттен келген. Мысырлықтар жүрекке қан апаратын махаббат тамыры дәл осы саусақта пайда болады деп сенген.
Қазақстанда жас жұбайларға арналған ең көп таралған ән: «Дос-Мұқасан» тобының «Той жыры» (Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер).
Үйленген еркектер бойдақтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Сондай-ақ жоғары лауазымға да жиі ие болады екен. Ал тұрмысқа шыққан әйелдерге келсек, статистика бойынша олардың жалақысы жалғызбастыларға қарағанда 4-5 пайызға артық.
Қазақстандықтардың 90%-ы отбасы – ең үлкен құндылық деп санайды. Неміс тілінде Drachenfutter деген сөз бар, ол сөзбе-сөз аударғанда «айдаһар тағамы» дегенді білдіреді. Бұл терминмен неміс күйеулері әйеліне қандай да бір нәрсеге кінәлі болған жағдайда ұсынуы тиіс сыйлығын солай деп атап береді – шоколад қорабы немесе гүл шоғын.
29 ақпанда Ирландияда әйел ер адамға үйленуге ұсыныс жасай алады. Бұл әдет-ғұрып 11 ғасырдағы заңнан бастау алады, онда ер адамды некеге тұрудан бас тартқаны үшін айыппұлмен жазалаған.
Жүкті әйелдердің 95% -ы күтілгеннен екі апта бұрын немесе кеш босанады.
Орташа статистикамен америкалық әкесі апта сайын баласымен 4,5 сағат уақытын өткізеді, ал француз әкесі бар болғаны 2 сағат, ал қазақстандықтар демалыс күндерін отбасына арнайтын болып шықты.
Қазақстанда неке көбінесе тамыз айында тіркеледі. 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 салыстырғанда 8,5%-ға аз.
Елімізде өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8%.
Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі 79,1%, әйелдер арасында – 81%.
Ажырасу: 2022 жылы 44,5 мың ажырасу тіркелді, бұл 2021 салыстырғанда 7,7%-ға аз.
2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған. Ол ажырасулардың жалпы санының 34,6%-ына тең. Ал некеде 5-9 жыл тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.