Жарнама
Әлеумет

Орталық қамқорлық көрсетеді

«Отбасын қолдау орталығы» КММ-сі былтыр «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан құрылды.
​Бүгінде орталықта директор, директор орынбасары, заңгер, бас есепші, есепші, мемлекеттік сатып алу маманы, психолог, баспасөз маманы, программист, әлеуметтік қызметкер (кейс менеджер), тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізетін маман, әлеуметтік қызметкерлер, ақпараттық талдау және әдістеме бөлімінің мамандары, өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды сүйемелдеу әлеуметтік қызметкерлері секілді 13 қызметкер жұмыс істейді.

​«Отбасын қолдау орталығының» негізгі мақсаты – мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау.
​Өзінің мұң-мұқтажын жеткізіп, әлеуметтік қолдау түрлерімен көмектесуді сұраған адамдардың тізімдері базаға енгізіліп келеді.

Былтыр қазан айының есебі бойынша 2157 отбасын құрады. Олардың басым бөлігі жеке баспанасы жоқтығынан пәтер жалдап жүргендер. Сондай-ақ, табыс көзінің төмендігіне байланысты азық-түлік түрлеріне, қаржылай көмек көрсетуге, атаулы әлеуметтік көмек, психологиялық және құқықтық кеңестерге мұқтаж.
​Ал биылғы қаңтар айынан бастап әлеуметтік көмекке мұқтаж мүгедектігі бар, емдеу-сауықтыру қызметтеріне зәру, теникалық көмекші құралдарын қажет етіп, құқықтық және өмірлік қиын жағдайға тап болған 79 отбасы анықталды. Олардың тұрмыстық жағдайларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілді.
​Орталық 16 дербес компьютер, теледидар және телефон жиынтығымен қамтылып, қызметкерлерге жұмыс істеуге толықтай жағдай жасалған. Сонымен қатар «е-Собез», «е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қосылған.
​Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларды) қатысты мәліметті сенім телефонына хабарлауға болады. Телефон: 8 /7122/51-93-16.

Рафхат ЖОЛДИЕВ,
Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button