Жарнама
Әлеумет

Өңірдегі әлеуметтік саланың жай-күйі талқыланды

Атырау облысында іссапармен жүрген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандармен кездесу өткізді.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайда жүктеген міндеттері мен тапсырмаларының Атырау өңірінде орындалу барысына тоқталды.

Жиында сала мамандары да сөз алып, түйткілдер мен жетістіктер жайлы ой бөлісті. «Ұлттық спорт түрлері бойынша “Атырау” спорттық клубы» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы Өнербай Жанбала ұлттық спорттың қазіргі дамуы мен жастардың қызығушылығы жөнінде баяндады.

Атырау қалалық перзентханасы директорының орынбасары Гүлзейнеп Дүйсепова ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелерге тоқталса, Атырау жастар театрының жетекшісі Әміржан Нұрланұлы аймақтағы шығармашылық ізденістер мен мәдени бастамалар жайлы айтып өтті.

Кездесуді қорытындылаған Мәлік Отарбаев қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың күрделене түскенін атап өтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтаудың маңызын ерекше атады.

– Бүгінгі әлем тұрақсыз. Геосаяси текетірестер мен алпауыт державалар арасындағы бәсекелестік Қазақстанға да әсер етпей қоймайды. Осындай жағдайда әр азаматтың заңға бағынып, ішкі тұрақтылықты сақтауға атсалысуы аса маңызды. Қазақ халқы тарихта түрлі қиын кезеңдерден өтті. Ашаршылық пен қуғын-сүргін сияқты зұлматтар ұмытылмауы тиіс. Бірақ халқымыздың өткені тек ауыртпалықтармен шектелмейді. Онда зор жетістіктер мен жеңістер де бар. Сол асыл мұраларды ұмытпай, кейінгі ұрпаққа аманаттау — баршамыздың міндетіміз, – деді Президент кеңесшісі.

Сондай-ақ ол Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға берді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button