Жарнама
Әлеумет

Өңірде 34 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Биыл Атырау облысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен 33856 адам қамтылып, оның 12 мыңнан астамы жұмысқа орналасқан.
Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, ұлттық жоба бойынша іске асыруға жоспарланған әлеуметтік қолдау шаралары негізінде 29189 адамды қамтамасыз ету жоспарланған.

  • Жоба аясында жыл басынан бері бюджет есебінен қаржыландырылатын жастар практикасына 1039 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына 499, қоғамдық жұмыстарға 4965, алғашқы жұмыс орындарына 236, «Күміс жас» жобасы бойынша 533 және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 17 адам орналастырылды. Сондай-ақ өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік гранттарды 173 адам, микрокредиттерді 156 жас 636,3 млн теңге алды және 1 мүгедектігі бар адам үшін арнайы жұмыс орны құрылып, жұмысқа орналастырылды, — деді А.Мәмбетов.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқу курстарына дәнекерлеуші, құбыр монтаждаушы, металл конструкцияларын құрастырушы, электромонтаждаушы мамандықтары бойынша «ТШО» ЖШС-нің қаржыландыруымен 524 адам, бюджет есебінен 20 және автоматтандырылған онлайн skills.enbek.kz платформасы арқылы 1683 адам оқуға жолданған. Ал «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 4134 адам жіберіліп, кәсіптік бағдарлаумен 14210 адам қамтылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button