Жарнама
Әлеумет

Облыста 800-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

1 қазандағы жағдай бойынша 771 отбасындағы 4 мың 565 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілхасымов мәлімдеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 564 отбасындағы 3 мың 556 адам шартты, 213 отбасындағы 1046 азамат шартсыз ақшалай көмекпен қамтылды. Олардың басым бөлігі — 18 жасқа толмағандар.

-Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны – 957. Оның ішінде 467-і көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар, 165-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 325-і бала күтіміндегілер. Жұмыссыздыққа тіркелген 165 адам 100% жұмыспен қамту шараларына тартылды, — деді Е.Әбілхасымов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button