Жарнама
Әлеумет

Мүмкіндіктер әлеміне жол ашылды

Атырауда ерекше жоба өз мәресіне жетті. «Ұшқын» әлеуметтік жобасы аясында өткен үш күндік тегін оқыту курсы — «SMM&MOBILE PRO» — 14-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар жастарға заманауи цифрлық дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.

Қоғамдық белсенділік пен кәсіптік білімді ұштастырған бұл іс-шара қатысушылар үшін үлкен серпіліс болды.
Үш күнге созылған оқыту барысында қатысушылар әлеуметтік желілердегі контент жүргізу, аудиториямен жұмыс жасау, SMM стратегиясын құру бойынша базалық білім алды.
Курс бағдарламасы тек теориямен шектеліп қалған жоқ. Практикалық тапсырмалар, кері байланыс, шығармашылық жұмыс пен қолдау қатысушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, жаңа идеяларға шабыт берді. Сонымен қатар әр күннің үзілісінде ұйымдастырылған кофе-брейк шараның еркін әрі достық атмосферада өтуіне сеп болды.
Курс соңында барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталып, олардың цифрлық ортада жаңа қадам бастауға дайын екендіктері қуатталды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button