Жарнама
Әлеумет

Микронесие қашан беріледі?

Депутаттар жастарға өз істерін ашу үшін 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін несие беруге қаржы бөлу мәселесін шешуге атсалыспақ. Бүгін “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлікті және аграрлық секторды дамыту жөніндегі аймақтық кеңес отырысында халық қалаулылары осындай ұсыныс айтып, министрлікке хат жолдайтынын жеткізді. Өйткені, қаражат болмауына байланысты мемлекеттік бағдарламаның бұл бағыты бойынша несиелер берілмеген көрінеді.

caea42f9 f945 4c1c 8d3d 254ba17ba48d

-Конкурс негізінде биыл 147 жас (735 млн. теңге) кәсіпкерге 2,5% жеңілдікпен несиелер беру» жоспарланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар мен халықтың осал топтарының іскерлік бастамасын жүзеге асыруға жағдай жасау мақсатында 2023 жылдан бастап жастарға өз істерін ашу үшін 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін несиелер берілуде.
2023 жылы микрокредиттер 196 жасқа 930 млн. теңгеге ауыл шаруашылығын дамытуға және сервистік қызметтерді көрсетуге ұсынылды.
Оның 133-і ауыл шаруашылығын дамытуға (түйе, сиыр, жылқы, қой басын көбейтуге және оның өнімін шығарып (ет, сүт, сүт өнімдерін, полуфабрикаттар жасақтау), құс шаруашылығы), сервистік қызметтер – 63 микрокредиттер (медициналық құралдар алу, нан, кондитерлік өнімдер пісіру, көлік жөндеу орталығынашуға, тасымалдау қызметтерін ұйымдастыруға, Камаз автокөлігін сатып алуға, су сату құрылғыларын алу және гүл, үрмелі шарлар дүкенін ашуға) және т.б. бағыттарына берілді.
Микрокредиттер Қаржы министрлігі тарапынан қаржы мәселесі шешілген жағдайда ғана бөлінеді,-дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева.

f8055dd6 c1b8 467b 8104 57e92b3ec15f


Аталған комиссия төрағасы Жеңіс Әбілкарестің айтуынша, өңірде кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздарды еңбекпен қамту бағытында атқарылған жұмысты жоққа шығаруға болмайды. Кейбір бағыт бойынша мұнайлы өлкенің жетістіктері көңіл қуантарлық. Десек те, Теңіз кен орнындағы “Келешек кеңею” жобасының құрылыс жұмыстары аяқталуына байланысты бірнеше мыңдаған қызметкердің жұмыссыз қалуы, олардың барлығын жұмыспен қамту жайы әлі де күрделі екенін жасырмады. Ал жастардың кәсіппен айналысуы үшін жеңілдікпен берілетін несиеге қаражат бөлу мәселесін шешу үшін министрлікке хат жолдау керектігін атап айтты. “Басқарма тарапынан хат жолдаңыздар біз ұсынысты министрлікке жеткіземіз”,-деді Жеңіс Әбілкарес.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button