Жарнама
Әлеумет

Көшірілген мүгедектерге жағдай жасалған


Жылыой ауданында Жем өзеніндегі жойқын су тасуы салдарынан Құлсары қаласынан эвакуацияланғандардың ішінде түрлі әлеуметтік санаттағы 5539 адам бар. Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариева хабарлады.
Аудандық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб оларды негізінен 9 эвакуациялық пунктке бөліп орналастырды, олардың ішінде Құлсары қаласындағы, Жаңа Қаратон, Қосшағыл, Майкөмген ауылдарындағы мектептер мен балабақшалар, Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың ауысымдық және Атырау қаласындағы Apec PetroTechnic колледжінің жатақханалары бар. Ең көбі Майкөмген ауылындағы №17 мектеп пен Теңіз кенішіндегі жұмысшылар жатақханасына көшірілген, тең жартысы балалар.


«5539 адамның 2708-і балалар, 47-сі мүмкіндігі шектеулі жандар, қалғандары түрлі әлеуметтік санатқа жататын азаматтар. Теңіз кенішіндегі жатақханаға орналасқандардың 31-і мүмкіндігі шектеулі болса, 703-і балалар. Оларға тұрмысқа керекті барлық жағдай жасалып, азық-түлік, төсек-орынмен жеткілікті мөлшерде қамтылған», — деді Әлфия Байғанинқызы.


Айта кетейік, эвакуацияланған 47 мүмкіндігі шектеулі жанның 9-ы кәмелет жасына толмаған, қалғаны ересектер.


Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button