Фатима Төлеева – облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі
Атырау өңірінде облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып Фатима Төлеева қызмет етуде. Бұл кеңесшілік штаты ҚР Президентінің өткен жылғы Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 1-тарау 1-тармағы: «Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құру» тапсырмасы бойынша белгіленді.
Фатима Набидоллақызы – Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Атырау облысының Іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Фатима-групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, отбасылық бизнес жетекшісі, көп балалы ана.
Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі.
Айта кету керек, гендерлік теңдік мәселелері бойынша сауалдармен 8 701 577 86 85, 8 777 681 27 31 телефон нөмірлеріне байланысуға болады.