Жарнама
Әлеумет

Еңбек қауіпсіздігі – басты талап

Атырау мұнай өңдеу зауытында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Мен сақтанамын» корпоративтік бастамасы аясында еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинары өтті.

Зауыттың жоғары буын басшыларына арналған іс-шара еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттырып, өндірістік жарақаттану деңгейі мен оқыс оқиғалар санын азайтуға бағытталған.

Ашық диалог форматында өткен семинар барысында қатысушылар еңбекті қорғау қағидаттарына жеке бейілділік мәселелерін талқылап, жазатайым жағдайлардың себептерін саралады. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындамаудың салдарынан өндірісте болатын қайғылы оқиға туралы бейнематериалды кеңінен талқылады. Бұл маңызды әрі эмоционалды сәт қателіктің қандай сәтсіздіктерге әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

— Қауіпсіздік – бұл жай ғана нормативті сақтау емес, бұл – ойлау тәсілі. Басшының жеке мүдделілігі мен қызметкерлерге үлгі көрсетуінің арқасында ғана қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға болады»,- деді cеминарды жүргізген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі мәдениеті жөніндегі сарапшысы Елена Бриккманн.

«Мен сақтанамын» бастамасы компанияның барлық деңгейлерінде қауіпсіздік мәдениеті қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Бағдарламаның түпкі мақсаты – зауыттағы оператордан бастап бірінші басшыға дейінгі әрбір қызметкердің жұмыстан кейін үйіне аман-сау оралуына жағдай жасау.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button