Жарнама
Әлеумет

Елімізде зейнетақы қанша пайыз өсті?

Елімізде бүгіннен бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы — 8,5%-ға индекстелді, — деп хабарлайды Kazinform.kz.

2025 — 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақыны — 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарысын — 120%-ына дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Соған сай бүгіннен бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылып, 32 360 теңгені құрады. Ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 105-тен 110%-ына дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрады.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі

— 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы — 111 278 теңге. 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы — 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы — 120 737 теңгені құрайды. 

Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.

2025 жылы зейнет жасы өзгермейді: ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button