Жарнама
Әлеумет

Бар жақсымыз – балаларға!

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Біз – бақытты балдырған» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов арнайы қатысып, балаларға ізгі тілегін білдірген болатын.

Сондай-ақ балдырғандардың өнерін тамашалауға Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов та келіп, қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға шынайы лебізін жеткізіп, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Мерекелік кеш барысында балалар ән салып, би билеп, өз өнерлерін баршаға паш етті. Бұл күн балдырғандарға шаттық пен қуаныш сыйлаған, мейірім мен қамқорлыққа толы айтулы күн ретінде есте қалды.

Әмір ӨМІРЗАҚ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің І курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button