Жарнама
Әлеумет

Атыраудағы JOB FAIR: жүздеген азамат жаңа жұмыс табуға мүмкіндік алды

Атырауда мұнай және мұнай-газ компанияларының қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 50-ден астам компания қатысып, барлығы 487 вакансия ұсынды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға мекемелердегі жаңа мүмкіндіктер таныстырылды. Әсіресе техникалық бағыттағы мамандықтарға — дәнекерлеуші, слесарь, электрмонтаждаушы және механикке сұраныс жоғары екені атап өтілді. Келушілерге жұмыс шарттары мен талаптары түсіндіріліп, кейбірі сол жерде-ақ сұхбаттасудан өтті.

Жәрмеңкеге студенттермен қатар орта жастағы азаматтар да қатысып, өздеріне қолайлы жұмыс іздеуге мүмкіндік алды.

— Бүгінгі жәрмеңке JOB FAIR форматында ұйымдастырылды. Мұнда жұмыс іздеушілер түйіндемесін бір уақытта бірнеше компанияға тапсыра алады әрі жұмыс берушілермен тікелей тілдесе алады. Бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ АОФ төрағасы Абылай Құрметұлы.

Айта кетейік, мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өз нәтижесін беріп келеді. Биылдың өзінде Атырау облысы бойынша 764 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button