Жарнама
Әлеумет

Атырауда жаңа заманауи оңалту орталығы ашылады

Атырауда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған 150 орындық жаңа реабилитациялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Қазір нысанда ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 7263

2023 жылдың шілде айында басталған құрылыс-монтаж жұмыстарын “БатысАльянсСтрой” компаниясы жүргізуде.

— Бүгінде нысанның құрылысы толық аяқталып, ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Орталық жылына мүгедектігі бар мыңдаған ересек адам мен баланың әлеуметтік көмек алуына мүмкіндік береді. 150 орындық заманауи ғимараттағы 83 кабинет қажетті құрылғылармен жабдықталады, — деді Н.Құсайынов. 

img 7266

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, жаңа орталық мүгедектігі бар жандардың әлеуметтік өмірге бейімделуіне, психологиялық қолдау алуына және денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Атырау облысы бойынша бүгінде 26 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген, ішіндегі 4500-ден астамы — балалар.

img 7267

Ал заманауи құрылғылармен жабдықталатын жаңа орталықта шамамен 100-ден астам маман қызмет көрсетеді. Олар жыл сайын мүмкіндігі шектеулі мың шақты бала мен ересек азаматтарға арнаулы әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button