Жарнама
Әлеумет

Атырауда «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы мәресіне жетті

Бес күндік оқу барысында 50 қыз-келіншек көшбасшы болуға, жобалық басқаруға, коммуникацияға, көпшілік алдында салмақты сөз сөйлеуге үйренді. Қатысушылар республикалық деңгейдегі спикерлер – психолог-тренер Бұлбұл Мусиралина, саяси бағыттағы тренер Жанар Боқанова, жобалық менеджер Жансая Исмагулова, қаржылық тренер Ақан Қайырғалиевтан білім алды.

Ал, танымал журналист, «SSLab» медиа-мектебінің негізін қалаушы Сәнді Сұлтан келіссөздер жүргізу және көпшілік алдында сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина қазіргі кезде қоғамдағы әйелдердің рөлін атап өтіп, ұйымдастырушы «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Заманбек Құрақбайға және қатысушыларға шынайы лебізін білдірді.

«Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасының барлық қатысушыларына сертификат табысталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button