Жарнама
Әлеумет

Атырауда қандастарға көмек ретінде тұрғын үй құнының 50%-ы төленеді

Қандастарға экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Бұл — тұрғын үй сатып алу, салу немесе ҚР Ұлттық Банкі және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген ипотекалық бағдарлама. Дегенмен бастапқы жарна үшін төленетін материалдық көмектің көлемі 1160 АЕК-тен аспауы қажет, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіліп, 100 бірлік квота бөлінді. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес олардың өтініштері негізінде қандастарды қабылдау квотасына енгендерге төлемдер беріледі. Көшуге арналған субсидиялар отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде төленеді.

Ал тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, тұрғын үй алғанына 12 айдан аспайтын мерзімге дейін өтеледі. Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 20 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді. Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 15 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

img 9473
Screenshot

-«Ата жолы» картасы арқылы дүниежүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдалана алады. Этникалық қазақтарға басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. Бұл бағдарламаға біздің өңірден әзірге өтініш түспеді. Сонымен қатар жыл басынан бері жиырма адам қандас мәртебесін алды, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева.

Айта кету керек, былтыр өңірге 286 этникалық қазақ көшіп келді. Оның ішінде 248 азамат Атырау қаласына және Қызылқоға ауданынан басқа барлық ауданға қоныстанды. Азаматтар Өзбекстан, РФ, Түркіменстан, Қытай, Украина, Тәжікстан және Түркия мемлекеттерінен келді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button