Жарнама
Әлеумет

Атырауда мүгедектігі бар 820 адам жұмыспен қамтылды

Биыл облыста мүгедектігі бар 820 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішіндегі 271 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, кәсіп бастауға ниеттілерге қайтарымсыз 34 грант берілген.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, мүгедектігі бар 293 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 7 адам әлеуметтік жұмыс орнына және 17 түлек жастар тәжірибесіне жолданды.

–«Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 5 жас, «Ұрпақтар келісім-шарты» бойынша 2 жас, «Күміс жас» жобасына – 33 және 11 адам өз бетімен жұмысқа орналасты. «Бастау-Бизнес» жобасымен 132 адам оқытылды. Сонымен қатар, биыл жұмыспен қамту басқармасы «AMANAT» партиясымен бірігіп «AMANAT SERVICE» орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіздік, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева.

Фото: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button