Жарнама
Әлеумет

Атырауда Еңбек күніне орай жәрмеңке өтеді

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Еңбек күніне орай 20 қыркүйекте сағат 10.00-14.00-ге дейін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттарды және 2,5 жеңілдік пайызбен микрокредиттерді алған өз ісін ашқан жас кәсіпкерлердің арасында жетістіктері бойынша көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Көрмеге Атырау қаласы мен барлық ауданнан 50-ден астам грант алушылар жеке кәсіпкерлер өнімдерін халыққа ұсынып, өз жетістіктерімен бөліседі. Көрмеге Атырау қаласы мен аудандардан грант алушылар қатысады.

Ұлттық жоба аясында мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында кәсіпкерлерді қолдау үшін 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз негізінде берілді. Мемлекеттік гранттарға көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар (аз қамтылған отбасылары), мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды асыраушылар, асыраушысынан айырылғандар және кандастар санатына жататын адамдар ие болды.

Көрмеде тігін өнімдері, қыз жасауы, мамандарға арналған арнайы киімдер, қазақи нақышта сәбилер киімі, ет (полуфабрикаттар (манты, пельмени, самса) және сүт өнімдері (сүт, қаймақ, балқаймақ, сүзбе, шұбат, қымыз, айран, саумал, ірімшік, құрт, жент, май, ешкі сүті және т.б.), қөл өнері және тоқыма бұйымдары, ағаш, құрылыс бұйымдары (гипс өнімдері, брусчатка), нан (тандыр нан, нан себеті, бөлке нан), кондитерлік және тәтті өнімдері (торттар, тоғаш, бауырсақ, т.б.), түрік тәттілері, полиграфия қызметтері, жуғыш заттар (қолдан жасалған иіс сабын, кір сабын) және т.б. өнімдер ұсынылады.

Олар өз өздерін жұмыспен қамтып, жұмыссыз жүрген азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құрды. Сонымен бірге, облыстағы 40-тан астам жұмыс берушілердің қатысуымен жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

 Көрмеге қатысушыларға мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпараттармен таныстырылады (жастарға арналған жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары, 50-ден асқандарға «Күміс жас» жобасы, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс).

Оқуға ынта білдірген адамдар үшін жәрмеңке барысында қатысқан оқу орындарымен оқытатын мамандықтар бойынша түсініктер беріледі.

Аталған шаралар «Нұрсая» шағынауданында Әбілхайыр хан даңғылы, 79 мекен-жайында орналасқан көрме орталығында өтеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Сурет редакция мұрағатынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button