
Әлеумет
Атырауда Ауған соғысының ардагерлеріне қолдау көрсетілді
Биыл облыстағы 437 ардагерге 150 мың теңгеден бір реттік көмек берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Бүгінде Ауған соғысына қатысқан барлық ардагерге материалдық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, олар ай сайын коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында мемлекет тарапынан 35 мың теңгеде алады,- деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Құралай Тілеумағамбетова.
Облыста Ауған соғысына қатысқан 437 ардагер бар. Олардың 44-інің мүмкіндігі шектеулі.