Жарнама
Әлеумет

Атырауда әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері марапатталды

Атырауда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық әлеуметтік қорғау жүйесінің 200-ден аса қызметкері мен сала ардагерлері қатысты.

-Облыста 500-ден астам әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Еңбек министрлігі арқылы республика көлемінде салаға түрлі өзгеріс енгізіліп жатыр. Мысалы, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер лицензиядан өтеді. Қазір біздің мекемелерде лицензиядан өту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда мамандардың барлық құжаты арнайы базаға енгізіліп, ол жерде адам басына қаржыландыру жүйесі жүріп жатыр, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева.

Мерекелік жиында бірнеше әлеуметтік қызметкерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Құрмет» грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Бір топ маман аймақ басшысының алғыс хатына ие болды. Ал 5 әлеуметтік қызметкердің өңіріне «Атырау ардақтысы», «Ардақты ана», «Хиуаз» төсбелгісі тағылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button