Әлеумет

Атырауда әйелдерге арналған “ TOMIRIS ақпараттық-білім беру бағдарламасы” басталады

Атырауда Қазақстан әйелдерінің саяси көшбасшылығын дамыту және ілгерілету мақсатында ерте, 13 тамыз күні «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасы» басталады.

Әйелдердің саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын бағдарлама жұмысы 5 күнге созылады.

Яғни, 13-17 тамыз аралығында өтетін іс-шарада республикалық спикерлер әртүрлі тақырыптар бойынша семинар-тренгинг өткізеді. Жобаға қатысушылар көшбасшылық әлеуетті дамыту, қаржылық сауаттылық және «soft-skills» икемді дағдыларын қалыптастыру, келіссөздер және көпшілік алдында сөйлеу курстарынан өтеді.

“ TOMIRIS Ақпараттық-білім беру бағдарламасы” жобасы өңірімізде Атырау облысы Ішкі саясат бағдарламасының қолдауымен, “Инфо Орталық” ҚБ ұйымдастыруымен Азаттық даңғылы 111, «ATB Grand Hotel» қонақ үйінің конференция залында қолға алынады.

Айта кетейік, шілде айында «Tomiris» бағдарламасына іріктеу өткізілген болатын. 5 күндік оқуға іріктеуден өткен азаматшалар ғана қатынаса алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button